ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

БҰЗАҚЫЛЫҚ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНА ТҮСКЕН

16:49, 10 қаңтар 2022

2022 жылғы қаңтар айының 5-нен 6-на қараған түні Шымкент қаласының аумағында жаппай тәртіпсіздіктер уақытында бірқатар заң бұзушылық жайттары орын алды. Тәртіпсіздік жайттары Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының қала аумағына қойылған бейнебақылау камераларына түскен.

Бұзақылар қала әкімдігінің жанындағы «Көрме» орталығының ғимаратын бүлдіріп, онда өрт шығарған. Сондай-ақ, әкімдік аумағында тұрған полицияның қызметтік автокөліктері мен тұрғындардың көліктерін өртеген. Оған қоса, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының алдында тұрған қызметтік автокөлікті жағып жіберген.  Олардың бұзақылық әрекетінің нәтижесінде Бейбітшілік көшесінде орналасқан «Нұр-Отан» партиясы филиалының ғимараты бүлініп, отқа оранды.

Бүлікшілер Нұрсат шағынауданында орналасқан «Метро» сауда үйін де жай қоймаған. Сауда орталығының есік-терезесін таспен сындырып, ішіндегі банкоматты алып шығып, жүк көлікке салып ұрлап кеткен.Сонымен қатар, тәртіп бұзушылар қала аумағында көшелер қиылысы мен көше желілерінде қауіпсіздікті қадағалау мақсатында орнатылған бірнеше «Сергек» және басқа да бейнебақылау камераларды сындырды. Биік бағаналарда орнатылған бейнекамераларды олар арнайы жүк көлігінің үстіне мініп, қолдарындағы арнайы жарақтарымен сындырған.

Камераларға түскен бейнежазбалардан бұзақылар Рысқұловкөшесі бойында жүріп бара жатқан жедел жәрдем қызметтік көлігінің алдына шығып, тоқтатып, жүргізушісін мазалап, көлік ішіндегімедициналық заттарды тонап кеткені де көрінеді. Сондай-ақ, тәртіп бұзушылар қала әкімдігінің алдындағы алаңда орнатылған шыршаны тұтатып, от қойған. Алайда, шыршаның белгілі бір бөлігі ғана жанған.Қазіргі таңда қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатындаіс-шаралар жүргізілуде.

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...