ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ

17:24, 8 сәуір 2021

Соңғы тәулікте Шымкент қаласында ковид-19 инфекциясының 81 жағдайы тіркелген. Вирустың таралу қарқыны бәсеңдемесе, қала «қызыл» аймаққа енеді. Осылай деп дабыл қаққан санитар мамандар тұрғындарды ережелерді ескерусіз қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ, инфекцияның алдын алу мақсатында карантин 26 сәуірге дейін ұзартылды. Жаңа қаулыдағы жаңа талаптар қандай?

Шымкент қаласы бүгінде «сары»аймақта. Санитария мамандары жыл басынан бері  1800 қала тұрғыны COVID-19 инфекциясын жұқтырғандығын айтады.  Ал, оның 295-і 18 жасқа дейінгі балалар. Дерт оқушылар арасына да дендеп барады.

Ералқасын Түктібай – Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Сондай-ақ, карантиндік шектеулер 26 сәуірге дейін ұзартылды. Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №8 қаулысына сәйкес, кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтықтан жұмыс істеуі тиіс.   Бұған дейін 50 адамдық жиындарға рұқсат беріліп келсе, енді тыйым салынады. Алда келе жатқан қасиетті Рамазан айында ауызашар өткізуге рұқсат жоқ.

Алдарқұл Ахметов - Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Ал, кинотеатрлар енді 20 пайыздық сыйымдылықпен жұмысын жалғастырады. Балалардық ойын-сауық орталықтары мен цирк мекемелері уақытша жабылады.  Мамандар, тұрғындар егер ескертуді елеусіз қалдырса, инфекция ушығып, қала «қызыл» аймаққа енетін күн алыс еместігін ескертті.

 

Перизат Ортай                                           

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...