ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

17:57, 1 маусым 2021

Қазақстанда алғаш рет WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтиханның алғашқы күні сәтті аяқталды. Бұл тәжірибені бірінші Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі іске асырды. Пилоттық жоба өз жемісін берсе алдағы уақытта бірқатар білім ұяларында аталмыш тәжірибе жүзеге аспақ.

Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде 12 техникалық мамандық бар. Бүгінде соның 3-еуі демонстрациялық емтиханнан өтті. Шәкірттер білім сынағынан 6 ай бұрын іс-тәжірибеден өтті. Практика барысында олар мамандығына байланысты 3-4 жыл бойы алған теориялық білімін жұмыс барысында шыңдады.

Хафиз Ахметов - Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің қызметкері

Генадий Татарков колледждің үздік студенттерінің бірі. Озат шәкірт білімін іс-тәжірибеде нақты көрсете білген. Ептілігімен көзге түскен түлекке өндіріс орнынан ұсыныс түскен.  Оқуын аяқтаған соң осы жерде қалып, жұмысқа орналасуға ниетті.

Генадий Татарков –студент

Осы жылы біз демостранциялық емтихан тапсырдық. Біз мұнда алған білімімізді барынша көрсетуге тырыстық. Бұл бізге өте жақсы мүмкіндік болды. Тәжірибе жинадық. Мамандығымызға байланысты көптеген мәліметтерге қанық болдық. Алдағы жоспарым жұмысқа орналасып, кәсібімнің білікті маманы болғым келеді.

Демонстрациялық парктика барысында студенттер 6 ай бойы мамандығына байланысты мекемеде тәжірибеден өтеді. Оқу орын қызметкерлері мен тәжірибеден өткен нысан қызметкерлерінен құралған коммисия шәкірттің білімін саралайды. Осылайша емтиханды практикалық тұрғыда қабылдайды. Айта кетейік, тәжірибеден өткен уақыт аралығында студенттерге еңбекақы төленетін болады.

 

Д.Өмірзақова                                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...