
«Дені саудың жаны сау»... Осындай ұранмен шырайлы шаһардағы «Шымкент-Плаза», «Мега», «Север» сауда ойын-сауық орталықтарында денсаулық күні аталып өтті. Шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Азамат Бегалы Шымкент плаза сауда орталығында слесарь-сантехник болып жұмыс істейді. Жұмыстасты жігіттің дәрігер қарауынан өтуге уақыты болмай жүрген. Бүгін мекемеге арнайы келген медицина мамандарына алғысы шексіз.
Азамат Сағындықов – «Шымкент плаза» сауда орталығының жұмысшысы
«Дені саудың жаны сау» деп аталатын шара аясында медицина мамандары қала тұрғындарын тегін қабылдап, медициналық көмек көрсетті. Түске дейін 50-ге жуық тұрғын дәрігер кеңесіне жүгінген.
Маханбет Бейсеуов – Шымкент қалалық №1 емхананың бас дәрігері
Шаһар орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандарда да бейінді мамандардың тексеруі өтуде. Қоғамдық орындарда медицина мамандары қабылдау жұмыстары сағат 10:00 мен 18:00 аралығында жүргізіледі. Ұлт саулығына сақтықпен қараған мамандар мұндай акцияларды бұдан кейін да ұйымдастыра бермек.
Автор: Г. Қалмырзақызы