ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ДЕПУТАТ - БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДА

15:40, 14 қазан 2021

Бәйдібек ауданында "Партиядан оң шешім" акциясы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Онда аудан тұрғындары бірінші кезекте жер мәселесін алға тартты. Жайылымдық жайы сөз болды. Боралдай өңірін толықтай газбен қамтамасыз ету де күн тәртібінде қозғау болды. Көкейкесті мәселелерге аудандық мәслихаттың депутаты Бақыт Кенжебаев жауап беріп, сол бойынша жұмыстардың атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, "халық қалаулысы" тұрғындар тарапынан түскен Сарыбұлақ елді мекеніндегі көпірдің жағдайы жақын күндері шешімін табатынын баяндады.

Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Егемендік дегеніміз - жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы - әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі - елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық,-деген, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы жолдаған Жолдауында қазақ жұртына бір ерекше серпіліс жасап, ынтымақтастық пен бірлікті одан сайын нығайтуға бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар, Тәуелсіздігіміздің тағы бір көрінісі, депутат сайлауы. Биылғы жылы өзгеше әдіспен өткен праймеризде халық өз таңдауларын жасады.

Дүйсенбек Тұрғанбекұлы - Жыланды ауылының тұрғыны

Тұрақтылықты ту етіп, әділдікке арқа сүйеп, бірлікке білек сыбана кіріскен депутаттардың жұмыстары елдің әр жерінен көрініс тауып отыр. Бірі халықпен кездесіп, енді бірі биліктің мінберінен көрініп, тұрғындардың тұрмысын күйттеп, жағдайларын жеткізуде. Осы орайда, "Нұр Отан" партиясынан ұсынылған депутат Бақыт Кенжебаев Боралдай ауылдық округінің тұрғындарымен жиі кездесіп, елдің жайы ең басты мәселе екенін халық қалаулысы күн тәртібінен түсірген емес.

Бақыт Кенжебаев - Аудандық мәслихаттың депутаты

Қабылдау соңы марапатқа ұласты. Бұл да партияның жобасы аясында жүзеге асатын дүниелердің бірі. Осыған орай, аудандық мәслихаттың депутаты Бақыт Кенжебаев ел Тәуелсіздігі ұлт мұраты, ұрпақ болашағы жолында және өңірдің әлеуеті мен өркениетінің шарықтауында белсенділік танытып, ұзақ жылдар бойы өз саласында аянбай еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жеткен бірқатар ұстаздарға құрмет көрсетті. Ел ағаларын "Құрмет-Абырой, Бірлік" қоғамдық бірлестігінің "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалімен марапаттап, мерекелерімен құттықтады.

Тақырып бойынша материалдар

«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 200-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ  БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
16:48, 22 қазан 2021
«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 200-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БО...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:06, 19 қазан 2021
«AZALA Coton» КӘСІПОРНЫ ТОҚТАП ҚАЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҒИМАРАТЫ МЕН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ АШЫЛДЫ
17:19, 18 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҒИМАРАТЫ МЕН Ө...
Толығырақ...