ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР 80 НЕН АСТАМ МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАҒАН

16:11, 29 қазан 2021

Шымкентте жыл басында қала бюджеті 387,6 млрд. теңге болатын. Алайда қала қаржысы тоқсан спайын қайта қаралып, ұлғайтылып жыл соңында 490,6 млрд. теңгені құрады. Бюджет шығыстарының 45,2 пайызы әлеуметтік салаға арналып отыр. Атқарылған шаруалар жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясында айтылды. Жиында тағы екі мәселе қаралды.

Бұл жолғы жиынға халық қалаулылары түгел жиналды.Кезектен тыс оныншы сессиясының күн тәртібі бекітіліп, кезекті мәселе талқыға салынды.   «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізілді. Тиісті басқарма басшысы арнайы баяндама оқыды.

Рахымберді Мүлкеманов  - Шымкент қалалық  Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

П 0806 тк 00:08-00:52 Жалпы Шымкент қаласының бюджеті 2 млрд қа жуық қаржы мемлекеттік сатып алу бағытының есебінен қайта бағытталып отыр. Білім саласына қосымша 606 млн бағытталған. ІІО 8 дана мобильдік пункт орналастыруға бөлінген.

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға негізделген шешімдер қабылдауда бүкіл депутаттар бірлік танытқан. 2021 жылға қалалық бюджеттің шығыстары бойынша жалпы көлемі 490,6 млрд. теңге болса,оның 45,2 пайызы әлеуметтік салаға, яғни, 221,8 млрд. теңге қарастырылды.

Бахадыр Нарымбетов  - Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы

Атап айтқанда, - білім беру, денсаулық сақтау салаларына – 168,1 млрд. теңге;- әлеуметтік көмекке – 33,1 млрд. теңге;- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестікке – 20,5 млрд. теңге бағытталды.

Сессияда маңызды шешімдер қабылданды, бюджет нақтыланды. Қала бюджеті 491,6 млрд. теңгеге жетті. Оның 25,3%-ы – даму бюджеті, 74,7%-ы – ағымдағы шығындар. Биылғы жылға арналған бюджеттен үнемделген қаржы инфрақұрылымдық даму, өзге де маңызды жобаларды іске асыруға қайта бағытталатын болады. Сессияда сөз алған қала әкімі бюджетте үнемделген қаржының инфрақұрылымдық мәселелерге жұмсалатынын жеткізді

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Мәслихат депутаттарымен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін 80-нен астам шешімдер қабылданған.  Жолдауда белгіленген 25 нақты міндетті, қаланың тұрақты дамуы үшін нақтыланған 10 Ұлттық жобаны жүзеге асыруда депутаттар корпусымен нәтижелі жұмыс жүргізілуде.  2021 жылдың 9 айында қала мәслихаты аппараты кеңсесіне 1017 құжат келіп түсіп,953 шығыс хат-хабарлар жолданған..

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
13:49, 24 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Толығырақ...
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
13:46, 24 мамыр 2022
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...