ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛДЫ

19:19, 13 шілде 2020

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері вируспен күресіп жүріп көз жұмған әріптестерін бір сәт үнсіздікпен еске алды. Өзгенің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қиған ақ халатты абзал жандарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады, дейді медицина мамандары. Өйткені елге жаппай індет келіп, жұрт басымен қайғы болып отырғанда дәрігерлер алдыңғы шепте тұрды.

Елімізде қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 375 адамнан асты, олардың қатарында медицина мамандары – провизорлық, жұқпалы, карантиндік және модульдік стационарлардың қызметкерлері де бар. Бұл біз үшін үлкен орны толмас шығын болып отыр.    

Дәрігер-хирург Жәнібек Мәлібеков 27 жыл Шымкент қалалық №1 клиникалық  ауруханада адал қызметін атқарған білікті маман. Өз ісіне адал жан өмірінің соңғы күндеріне дейін, аты жаман індетпен күрте еселі еңбек еткен. Соны мен қатар, оперативті гиникологиялық бөлімнің  меңгерушісі  Мәриам Әбдіқұлова, аға мейірбике Гаухар Бәйменовада осы сапта. Марқұмдардың әрқайсының адам, кәсіби маман, азамат ретінде орны бөлек еді дейді әріптестері.

Талғат Шауенов - Шымкент қалалық №1 клиникалық  ауруханасы хирургия бөлімінің меңгеруші

Гүлзира Қалменова - Шымкент қалалық №1 клиникалық  ауруханасы дәрігер-гиникологы

Айта кетейік, Қазақстан президенті қызметтік борышын үлгілі атқарып, азаматтардың денсаулығын сақтаудағы табанды еңбегі үшін медицина саласының марқұм болған бірқатар қызметкерлерін "Барыс", "Парасат" және "Құрмет" орденімен наградтады. Олардың қатарында дәл осы Шымкент қалалық №1 клиникалық  ауруханада қызметін атқарып кеткен Дәрігер-хирург Жәнібек Мәлібеков, оперативті гиникологиялық бөлімнің  меңгерушісі  Мәриам Әбдіқұлова, аға мейірбике Гаухар Бәйменовада "Құрмет" орденімен наградталды.

Н.Әбдірашит                           

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...