ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ДӘРІЛЕРДІ ЗАҢСЫЗ САТҚАН КІМДЕР?

18:12, 9 шілде 2020

Дәрі-дәрмектердің тапшылығы және күшейтілген карантин жағдайында Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері қымбаттатылған бағада дәрілік препараттарды заңсыз сату фактілерін анықтады.

Жедел шаралар нәтижесінде Шымкент қаласы және Түркістан облысының аумағында екі қала тұрғынының 750 мың теңгеден астам сомаға дәрілік препараттарды рұқсаттық құжаттарсыз заңсыз сатқандығы анықталды. Дәрілік заттарды сату кезінде олардың бағасы ҚР Денсаулық сақтау министрнің «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» 2019 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен орнатылған шекті бағадан бірнеше есе қымбаттатылған. Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Н.Әбдірашит                                                                            

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
19:50, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:33, 10 тамыз 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар