ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

15:43, 14 қазан 2021

Жетісайда дін қызметкерлері арасында кіші футболдан турнир өтті. «Нұр-Жетісай» мешітіні ұйымдастырған бәсеке «Қ.Мұңайтпасов» атындағы орталық стадионда өрбіді. Оған Жетісай қаласы мен ауылдық округ мешіттерінің қызметкерлерінен жасақталған 7 команда қатысты.

Мешіт қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған турнирде жеңімпаздар екі кезең қорытындысы бойынша анықталды. Алғашқы кезеңде командалар айналма әдіс бойынша бір-бірімен кездесіп шықты. Кейін жоғары ұпай жиғандары жүлделі орындар үшін таласты. Ал, бұл доданы ұйымдастырудағы негізгі мақсат жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. 

Жорабай Дулатбаев - Жетісай ауданның бас имамы

Негізінде Жетісай ауданында дін қызметкерлері арасында кіші футбол сайысын ұйымдастыру ісі біраз жылдан қолға алынған болатын. Мәселен, былтыр аталған бәсекені бері «Нұғман» мешіті ұйымдастырған болса биыл «Нұр-Жетісай» мешітінің ұжымы өткізіп отыр.  Алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр.  

Умиджон Тоқтаев - "Нұғман" метінің қызметкері

Турнир соңында қарсыластарынан қара үзіп, оқ бойы озық шыққан құрама командаларға арнайы дипломдар мен кубоктар табыс етілді. Сонымен қатар, «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша да жекелеген ойыншылар анықталып, арнайы жүлделермен марапатталды.

Жетісай ауданынан Нұржан Сейдазимов Бауыржан Найманов

Тақырып бойынша материалдар

«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 200-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ  БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
16:48, 22 қазан 2021
«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 200-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БО...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:06, 19 қазан 2021
«AZALA Coton» КӘСІПОРНЫ ТОҚТАП ҚАЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҒИМАРАТЫ МЕН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ АШЫЛДЫ
17:19, 18 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҒИМАРАТЫ МЕН Ө...
Толығырақ...