ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Д.ҚОНАЕВ ПЕН Т.РЫСҚҰЛОВ КӨШЕЛЕРІ ЖАБЫЛАДЫ

18:40, 19 қаңтар 2021

Жолайрық құрылысының ІІ кезеңі басталуына байланысты 20 қаңтардан бастап Д.Қонаев пен Т.Рысқұлов көшелері жабылады. Соған сәйкес көліктердің жүру бағыты өзгереді.

20 қаңтардан бастап  Д.Қонаев даңғылы («Роял» клубы тұсынан Т.Рысқұлов көшесіне дейін) және Бәйдібек би даңғылы Т. Рысқұлов көшесінен М.Дулати көшесіне дейін) толығымен жабылады. Көлік ағынын М.Дулати, Қазыбек би, Байырқұм, А.Байтұрсынов көшелеріне бағыттап, көлік қозғалысы ұйымдастырылады. Бозарық елді мекенінен қалаға қарай бағытта Бәйдібек би, Байырқұм, Дулати көшелерімен, қаладан Бозарыққа қарай бағытта Қазыбек би, Т. Рысқұлов, Т.Бәйтереков, Е.Жәнібеков және М.Дулати көшелерімен жүруге болады,-деді М. Исахов. Д. Қонаев даңғылының батыс жағындағы үйлер мен ғимараттарға көлік қозғалысы А.Байтұрсынов және С.Жандосов көшелерінен ұйымдастырылады.Д.Қонаев көшесі арқылы жүретін  №152 және №135 автобустардың қозғалыс сызбалары С.Жандосов, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов көшелері арқылы өзгерген. Жолайрық құрылысы 16 желтоқсанға дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.Сөз соңында қала әкімінің орынбасары, құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайтынын айтты. Қала тұрғындарының  түсіністікпен қарауларын  өтінді.

Тақырып бойынша материалдар

ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
18:54, 2 наурыз 2021
ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
14:59, 26 ақпан 2021
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ :  ҚАЗАҚ   ХАЛҚЫНА  МЫҢ  АЛҒЫС !
15:06, 26 ақпан 2021
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ : ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС !
Толығырақ...