ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Әбу Насыр Әл-Фараби анимациялық фильмі көрерменге жол тартты

16:55, 13 қазан 2021

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби жайындағы анимациялық фильм көрерменге жол тартты. Әлемнің екінші ұстазы атанған дара тұлғаның өмірі мен шығырмашылығынан сыр шерткен туынды «Ескі қалашық» қамалында көрсетілді. Алдымен Цитадельді студенттерге таныстырған «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің ұжымы, алдағы апта бойынша қала тұрғындары мен қонақтарын асыға күтуде.

Ескі қалашық қамалына кірген бетте келушілерді қазақтан шыққан ғұлама ойшылдар мен ақын, жазушылар, әділдіктің ақ туын желбіреткен үш би күтіп алуда. Әрмен қарай қамал ішімен танысқан студенттер  музей маңында «Бабалар жолы» жобасы аясында Әл – Фараби анимациялық фильмін тамашалады. Ұйымдастырушылар әлемнің екінші ұстазы атанған дара тұлғаның өмір жолын насихаттау арқылы, болашақ ұрпақтың бойына білімге, ғылымға деген құштарлықты ояутуды мақсат еттік, дейді.

Биболат Әтеев – «Шым қала» тарихи-мәдени кешені директорының міндетін уақытша атқарушы

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өседі. Ол  парсы, грек тілдерін үйреніп, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Әл-Фарабидің бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана болған.  Әбу Насыр Бұқарада бастапқы білім алған соң өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Білім іздену жолында көптеген қиындықтарға тап болған Фарабидің өмір жолы арнайы фильмде толықтай көрсетілген.

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан емес. Дара тұлғаның мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Әбу Насыр Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды. Арнайы фильмді тамашалаған көрермен ашық аспан астында ерекше көңіл күйге бөленгендерін жарыса жеткізді.

Гүлжан Тоқтаржанқызы – «Абай» атындағы кітапхана қызметкері

Әбу Насыр Әл-Фараби жайындағы фильм алдағы бір жеті бойында көрермен назарна ұсынылмақ. Келушілерге есігін айқара ашқан Цитадель ұжымы ыстық шәй мен тәтті жүгері таратып көңілдерін аулады. Қамал ішінде жалындаған от жанында келген жастар жылынып ерекше әсерге бөленді.  

 

Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
15:49, 26 қазан 2021
ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ...
Толығырақ...
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
15:48, 26 қазан 2021
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15:47, 26 қазан 2021
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
12:24, 25 қазан 2021
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...