ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЕКІ АЮ САТЫЛЫМҒА ҚОЙЫЛДЫ

14:43, 3 маусым 2021

Шымқала тұрғыны қос аюын сатылымға қойды. Әлеуметтік желіде жарияланған бұл жарнама жұртты қызықтырғаны анық. Сатушы қолға үйретілген қос жыртқыш аңды асырай алмағандықтан осындай қадамға барғанын айтқан.

Белгілі болғандай ол аюларды осыдан 5 жыл бұрын Ресейден әкелген. Жануарлардың екеуі де цирк өнерін меңгерген, қолға үйретілген екен. Бұған дейын циркте талай рет көпшіліктің алдына шығып қойылым қойған. Елдегі жағдайға байланысты пандемия басталғалы оларды  бағып-қағу қиынға соққан. Оның үстіне цирк те жануарлардан бас тартты. Сондықтан амалсыз сатылымға қойдым, дейді. Қожайын аюлардың әр қайсысын 2 мың доллардан бағалапты. Болса малға да ауыстырмақ. Дегенмен ерекше жарнама табиғатты қорғау полициясы мен Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы инспекторларының назарына іліккен. Тексеру кезінде аюларды ресейден сатып алу кезінде жасалған келісім-шарттан өзге құжат болмай шыққан. Сол себепті қазір аңдарды сатуға тиым салынған. Иесіне айыппұл да салыныпты.  Қазір екі аю да инспекция мамандарының бақылауымен цирк ғимаратында тұр.

Бақыт Мұсалиев – Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы

Әкімшілік кодекстің 372 бабымен Ескерту немесе 8 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде айыппұл салынады.

 

М. Жарылқасын        

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...