ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

13:34, 6 мамыр 2021

Шымкентте мектеп оқушылары арасында әннен байқау ұйымдастырылды. «Екі жұлдыз» деп аталатын сайыс №129 жалпы білім беретін орта мектепте өтті. Карантин режиміне байланысты үмтікерлер онлайн форматта бақ сынады. Ерекше форматта ұйымдастырылған ән бәйгесі жайлы тілші бейнематериалында.

Дәстүрге айналған  ән байқауы биыл ерекше форматта өтті.   5-9 сынып оқушылары арасында өткен іс-шараға 5 жұп қатысты. Өнерлерін ортаға салған жас үміткерлерге ұстаздары жол сілтеді. Қатысушылар  жанды дауыста ән шырқап, арнайы түсірілім тобымен бірлесе Ютуб желісіне видеоматериал дайындады. Жас өнерпаздардың видео өнері қаралым саны Гүлдана Есенбаева –  №129 жалпы орта мектеп директорының орынбасары

Шарада мектеп оқушылары сахналық қойылым қойып, жанкүйерлерді таң тамаша етті.  Байқауда сарқа күш жұмсап, жеңімпаз болуға ынтық болған  Аружан мен ұстазы Қаршыгүл апайдың асығы алшысынан түсті.Өнер сайысында түрлі қиындықтарға бой бермеген бұрымды болашақта журналист болуды армандайды.

Қаршыгүл Музаппарова - ұстаз

Аружан Бимырза - жеңімпаз

Құлақ құрышын қандырар әсем әннің көмегімен ұстаз бен шәкірт арасында алтын көпір қалыптасады. Балаларды еңбекке баули отыра, өнердің ұлылығын ұғындыру басты мақсат. Айта кетейік бұл байқау келер жылы да жалғасын табады дейді мектеп басшылығы.

 

А.Аманхан

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...