ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЭКО ОРТАЛЫҚ БАЛАЛАР КҮНІН АТАП ӨТТІ

18:38, 1 маусым 2021

Шымкентте жасанды ұрықтандыру әдісі дамып келеді. Бұл бағытта мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар да қолданысқа енгізілген. Игі жобалардың бірі болып, еліміздің бірнеше аймағында бой көтерген «Репродуктивтік медицина институты», бүгінде, 9 мыңға жуық отбасыға сәби сүю бақытын сыйлады. Балалар күніне орай медициналық мекеме дәрігерлер көмегіне жүгінген аналарға сыйлық үлестірді.

Қазақстанда бүгінге дейін экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы 16 мыңнан астам сәби дүниеге келген. 25 жылдық тарихы бар Репродуктивтік медицина институты  Шымкентте өз филиалын  ашып, біршама отбасының шапағатына бөледі. Соның бірі Гульшат. Отау құрып, босаға аттағанына 9 жылдың көлемі болса да сәби сүю бақытына ие бола алмаған. «Бармаған тауым, баспаған жерім жоқ,  тек осы орталық қана бірніші талпыныстан-ақ құрсағыма сәби қондырып, мені шексіз бақытқа бөлей алды»дейді болашақ ана.

Гульшат Молдабекова – қала тұрғыны

Олар бірінші күннен күлімдеп қарсы алды. 7Ай қарым-қатынасымызды үзген жоқпыз.Болашақта та мен босанғанша хабарда боламыз.    

Балалар күнін желеу етіп, біршама ананың басын қосып, орталық өз тарапынан арнайы сый-сияпатын ұсынды.  Іс-шарада клиникаға дән риза болған алтын құрсақ аналар өз сәбилерін қолтықтай келген.  Кішкентай бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтеру үшін, арнайы ертегі кейіпкерлері іс-шараға ат басын бұрған.

Асель Есенгулова - гинеколог-репродуктолог дәрігер

Бас кеңсеміз Алматы қаласында орналасқан.     Ең керемет сәттің бірі УЗИ де баланың жүрек қағысын есту.  Орысша бар

КСМ:  Айтып өтейік, клиника бір ауысымда 250 адамды қабылдай алады. Нысан жылына 3000 экстракорпоралдық ұрықтандыру бағдарламасы мен 2000 лапароскопиялық ота жасауға қуатты. Бала сүюді аңсап, жылдар бойы күтіп жүрген жандарға жауапкершілігі жоғары мекемеде нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік туып отыр.

 

Ақниет Аманхан                                                                                                

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...