ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ЭКОЛОГИЯ НАШАРЛАП,СУ ТАПШЫЛЫҒЫ СЕЗІЛІП КЕЛЕДІ

16:12, 12 қазан 2021

Жыл өткен сайын әлемде экологиялық ахуал нашарлап, су тапшылығы сезіліп келеді. Бұл Орталық Азия елдері мен Қазақстанға да төніп тұрған үлкен қауіптердің бірі. Осыған орай Шымкенттегі Орталық Азия Инновациялық университетінде халықаралық конференция өтті. Оған Ресей мен Өзбекстан және еліміздің білікті ғалымдары қатысып, келелі ойларын ортаға салды.

Бүгінде көптеген елдерде су тапшылығы орын алуда. Жер шары халқының саны тез өсіп келеді. Зерттеулерге сәйкес, қазіргідей даму қарқынымен 2030 жылға қарай әлемдік су қорында 40% тапшылық болатынын көрсетеді. 2050 жылға қарай 9 миллиард халықты асырау үшін ауыл шаруашылығы өндірісін 60%-ға арттыру және су қорын 15%-ға ұлғайту қажет дейді ғалымдар.

Батыр Абдуллаев - Ташкент инженерлік ирригация және ауыл шаруашылығын механизацияландыру институтының кафедра меңгерушісі, геология – минерология ғылымдарының докторы, профессор Бұл су ресурстарының мәселесі ортақ, әрі өзекті. Бізде қаншама ауыл тұрғындары жер асты суын пайдаланады. Бүгін әріптесермен осы сала төңірегінде тәжірибе алмасып, білгеніиізбен бөлісудеміз.

Айта кету керек, бүгінгі күннің өзінде ауылшаруашылығы саласы әлемдік су ресурстарының 70%-ын тұтынып отыр. Осындай динамикадағы сұраныстан бөлек, су қоры әлемнің көптеген бөліктерінде тапшы болып отыр. Қазіргі уақытта әлем халқының 40%-ы су жетіспейтін  аймақтарда тұрады. Ғылыми семинардың басты мақсаты - Қазақстанның шөлді аймақтарында көкеніс және бау - бақша өнімдерін өсіру үшін суды пайдаланудың және оны үнемдеудің әдіс – тәсілдерін жетілдіру.

Мұсабек Ақылбай- Орталық Азия Инновациялық университеті ғылыми зерттеу орталығының басшысы 00-42 суландырылмаған жерлер көп, оларға бау-абқаша егу және басқа да мәселелердің шешімін табуды көздедік.

Алдағы уақытта  халықаралық және қазақстандық қаржыландырылатын грант байқауларына қатысу үшін осы бағыттағы ғылыми жобалар дайындау көзделіп отыр.  Осы мақсатта Орталық Азия инновациялық университетінде ғылыми - зерттеу орталығын ашып, жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін арнайы қор құру да жоспарда бар.

 

Г. Оңласбекова                       

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...