ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЕКПЕ ЕГУ ОРАЗАНЫ БҰЗБАЙДЫ

18:38, 13 сәуір 2021

Пандемия кезінде ораза ұстаған азаматтар коронавирусқа қарсы вакцина алу жөнінде алаңдаулы. Осы орайда халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі екпе ектіру дұрыс оразаны бұзбайды десе, енді бірі қарсы шығуда. Осыған байланысты Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов көңілге күдік ұялатқан сұрақтарға жауап берді.

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде №13 қалалық емханада вакцина салдыруға келген адамның қарасы көп. Оның ішінде имамдар да бар. Имамдардың айтуынша, екпе ектіру оразаны бұзбайды.  Шариғатқа сүйенер болсақ, кез келген нәрсе табиғи жолдар ауыз, мұрын, тік ішек арқылы ішке кірсе, оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірсе, оразаны бұзбайтын көрінеді.

Бақдаулет Абдрахманов – Шымкент қаласының бас имамы

Бүгінде Шымкентте  жыл басынан бері екпе салдыру науқаны қарқынды жүргізіліп келеді. Ол үшін емханаларда амбулаториялық орталықтарда жеке кабинеттер жасақталған. Денсаулық сақтау басқармасы басшының айтуынша, вакцина салдыру ешқандай қауіп төндірмейді. Керісінше, екпе қабылдау арқылы індетті жеңеміз,-дейді Бақытжан Позилов.

Бақытжан Позилов - Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Айтып өтейік, кез келген 18 жасқа толған қала тұрғыны өз еркімен                тұрғылықты мекен жайы бойынша емханаға барып, вакцина салдыруына болады. Құны тегін.

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...