ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЕКПЕ САЛДЫРҒАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

17:18, 4 мамыр 2021

Қуантарлық жағдай Шымкентте соңғы уақытта екпе салдыратындар саны артып келеді. Статистикаға сүйенсек, өткен демалыс күндері қалада күніне 4-5 мың адам короновирус инфекциясына вакцина салдырған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы алдағы күндері бұл көрсеткіш 10 мыңға дейін артуы мүмкін деп отыр. Ол үшін шаһарда 45 екпе егу пункті мен 25 мобильді топ жұмыс істеуде.

Қолда бар мәліметке сүйенсек, Шымкентте екпе салдырғандар саны 124 мың 132 адамға жетті. Оның 21 мыңнан астамы екі компонентінде қабылдап үлгерген. Қазір азаматтарға ресейлік және отандық вакциналар салынуда. Ақ халаттылардың айтуынша бүгінге дейін қалада екпе салдырғандлар арасында жағдай күрт нашарлап немесе коронавирус инфекциясын жұқтырғандар кездеспеген.

Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Басқарма басшысының айтуына қарағанда соңғы уақытта екпе салдыруға елдің ынтасы артқан. Оған дәлел қазір егу орталықтарына өз еркімен барып вакцина салдырып жатқандар көп. Соның бірі Оразбаев Сәкен. Қаладағы мекемелердің бірінде экономист болып еңбек ететін тұрғын өзімен отбасының қауіпсіздігі үшін екпе салдырған. Ешқандай кері әсері болмағанын айтады.

Сәкен Оразбаев – Шымкент қаласының тұрғыны

Мен өзім екпенің 1-компонентін алдым. Кейін өздері смс арқылы екінші компонентін алуға шақырып отыр. Ол менің өзімнің және отбасымның қауіпсіздігі үшін өте қажет деп ойлаймын.  

Айтып өтейік бүгінде қаладағы егу орталықтары таңғы сағат сегізден түңгі 12-00-ге дейін жұмыс істеуде. Сонымен қатар, мобильді топтар мекемелерге барып та вакцинациялау жұмыстарын жүргізеді. Ол үшін алдын ала тапсырыс беріп, екпе салдыратындар саны 5 адамнан асса болғаны.

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...