ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЕКПЕ САЛУ ІСІ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ТОҚТАМАЙДЫ

17:23, 6 мамыр 2021

Шымкентте екпе салу ісі демалыс және мереке күндері де тоқтаусыз жүргізіледі. Айтып өтейік, қазір қалада 40-тан астам орында вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда тұрғындарға екпенің үш түрі салынуда. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сүйенсек егу науқаны басталғалы қалада 136 мыңнан астам тұрғын вакцина салдырған.

Соңғы уақытта шаһар халқының вакцина салдыруға деген ынтасы жоғары. Оған дәлел тек өткен тәуліктің өзінде Шымкентте 11 435 адам вакцина салдырған.Нәтижесінде қалада вакцинацияланғандар саны 140 мыңға жуықтады. Оның ішінде 7 мыңға жуық тұрғынға №1 қалалық емханада егілген. Сонда екпе алғандардың бірі Мұхтар Ілесбаев. Бүгін екінші компонентін алған азамат қауіпсіздік бәрінен де маңызды деп есептейді.

Мұхтар Ілесбаев – Шымкент қаласының тұрғыны

Міне екіншісін салдырып отырмын. Біріншісі жақсы болды. Мен өзім жыл сайын күзде тұмауға қарсы вакцина салдырамын. Мұны да Балаларымның қауіпсіздігі өзімнің қауіпсіздігім үшін салдырып жатырмын.

Айтып өтейік, вакцина салу жұмысы демалыс күндері де осы қалыптан танбайды. Әдеттегідей таңғы сағат 8 –ден түңгі 12-00 ге дейін барлық медициналық мекемелер жұмыс істейді. Тұрғындар келіп алдымен анкета толтырып сосын дәрігер тексеруінен өтеді. Кейін екпе салынып 30 минут бақылауда болады. Ескерте кететін тағы бір жағдай  вакцина салдыру үшін азаматтардан қай емханаға тіркелгені, міндетті медициналық сақтандыру сынды мәліметтер сұралмайды.

Гаухар Жамансариева – терапевт-дәрігер

Келген азаматтар тексеріліп қарсы көрсетілімдер болмаса барлығына салынады. Қазір бізде 3 түрлі вакцина салынып жатыр. «Спутник V», «Kaz-Vak» және «Hayat». Барлығыда тексеруден өткен. Жеткілікті.

Айта кететін тағы бір ақпар соңғы күндері Шымкентте эпид ахуал жақсарып келеді. Күн сайын ауруға шалдыққандар саны да азаюда. Алайда дәрігерлер босаңсуға әлі ерте деп отыр.

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...