ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫ 1 АҚПАННАН БАСТАЛАДЫ

15:08, 20 қаңтар 2021

Облыста пандемияның ықтимал екінші толқынында аурудың таралуын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда. Осыған байланысты аймақта 1 ақпаннан бастап, коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары жүргізілмек. Ақысыз түрде жүргізілетін вакцина - медицина қызметкерлерінен бастап салынатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді.

Өз кезегінде облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышанов ҚР ДСМ-нің эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіштері бойынша Түркістан облысы «жасыл аймаққа» енгізілгенін айтты. Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыс бойынша 2021 жылдың 1 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында  COVID-19  расталған 231-жағдай тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 11,4 құрағанын жеткізді.

 

Марат Пашимов,Түркістан  облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  /«Қазіргі таңда облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінде инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі - 23,6%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі - 13%-ды құрап отыр. Қажет болған жағдайда инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік сатып алу жоспарланып, 77 автокөлік жеткізілді. Бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік береді», /

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...