ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ»...

14:41, 3 маусым 2021

Ел үлесі - пәтерге. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Ақмешіт» орталық мешітінде қайырлы іске куә болды. Республикалық қайырымдылық акциясы аясында дін қызметкерлеріне пәтер кілті мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Наурызбай қажы Тағанұлы қала мен аудан имамдарының еткен еңбектері мен жеткен жетістіктерін ескеріп, имамдарға өз алғыс хатын табыстай отырып, жаңа туған сәбидің азан шақырып есімінде қойды. Шараға қала мешіттерінің имамдары мен ҚМДБ-ның қызметкерлері қатысты.

Ел үлесі пәтерге жобасының бұл жолғы шарапатын дін қызметкерлері сезінді. Шымкенттік 4 имамның отбасына пәтер кілті табыс етілді.  Оның үшеуі қызметтік үй болса, біреуі жеке үй ретінде берілді. Игі іске мұрындық болып, сауапқа кенелгендер бұл шараның әлі де жалғасатын тілге тиек етті. Сауапты шара барысында

Мұстафа Бауыржанұлы – Шымкент қалалық «Үсенбек ата» мешітінің бас имамы

Бүгінде асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып  жүрген, алайда баспанаға мұқтаж мешіт қызметкерлері аз емес. Баспана кілтін алғандар қатарында « Үсенбек ата» мешітінің бас имамы – Мұстафа Бауыржанұлы да бар.

Мұстафа Бауыржанұлы – Шымкент қалалық «Үсенбек ата» мешітінің бас имамы.

Өте қуаныштымын. Асыл дінімізге өркендеуіне үлес қосқан имамдар Алланың қалауымен бүгін пәтер кілтін алдық...

Игі істің басына жақсы келер қасына. Шарада Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы және Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы сынды тұлғалар бой  көрсетті. Олар жиылған қауымға қайырымды істің мақсаты мен міндеті  жайлы баяндады.

 

Г. Қалмырзақызы                            

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...