
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Шымкент«Елбасы мақсаты - Ел қауіпсіздігі» атты көрме өтті. Орталық ұйымдастырған шараның басты мақсаты–қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Яғни, тұрғындарға күзет қызметінің бүгінгі ахуалын дәріптеп, қауіпсіздікті арттыру.Арна тілшісі Назкен Скандар толықтырып айтады.
Бейне бақылау, дабыл қаққыш, өртке қарсы қорғаныс құралы. Жаңа технология. Қызметкерлерінің әбжіл қимылы. Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған көрмеде бүгінгі күзет қызметінің жетістіктері қойылған. Басты мақсат сала мамандарының атқарып жатқан еңбектерін елге кеңінен таныстыру арқылы насихаттау,- дейді көрмені ұйымдастырушылар.
Ғибадат Нажмеденов – «Көрме орталығы» МКҚК директорының орынбасары
Жалпы елімізде күзет қызметіне ерекше мән берілген. Тіпті жеке үйлерді арнайы қызметкерлер қарайды. Құрылғылар да заман талабына сай жаңғыртылып отыр. Тіпті түнгі бейне бақылау камералары мен де жабдықталған. Жеке күзет агенттіктерінің ел қауіпсіздігі жолында атқарып жатқан еңбектері елеулі. Солардың бірі 2017 жылы негізін қалаған «Baur security» күзет компаниясы.
Жәнібек Айменов –«Baur security» күзет компаниясының бас маманы
Көрермендер көрмені қосымша орталықтың әлеуметтік желідегі instаgram және Facebook сайтынан онлайн тамашалай алады. Аталмыш шара карантин талаптарын қатаң сақтай отырып ұйымдастырған.