ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАНҒА БАРУҒА КЕҢЕС БЕРДІ

13:36, 29 сәуір 2021

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы қабылдаған шешімінен кейін жаңа дәуірі басталған Түркістанды барып, көруге кеңес берді.

Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясы өтті. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен сессия жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және онлайн форматта 550-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар. Сессия барысында Елбасы Ассамблеяның алдына қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бойынша нақты міндеттер қойды. Сессияда ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің басшылары, аймақтардан келген делегаттар, жұмысшы өкілдері, спорт, азаматтық қоғам өкілдері, жастар және т.б. сөз сөйледі.

Нұрсұлтан Назарбаев - ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы

«Екі жылдан астам уақыт өтті. Егер Түркістанда болмасаңыз, қазіргі қаланың қалай өзгергенін көруге келіңіз. Еліміздің астанасынан кейін бой көтерген жаңа қала болды. Бұл - еліміздің зор мүмкіндіктерінің тағы бір дәлелі. Жаңарған Түркістаны көргендердің барлығы таң қалуда. Бұл – мәдениет орталығы, республикамыздың орталығы. Еліміздің оңтүстігіндегі тағы бір гүлденген қала. Жақында, менің бастамаммен өткен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланды.

 «ОБЛЫСҚА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» ТӨС БЕЛГІСІ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

КСМ: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ Сессиясына онлайн форматта Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен облыстағы Ассамблея мүшелері қатысты. Бүгінгі таңда қоғамда Ассамблеяның атқарар рөлінің маңыздылығын айтқан облыс басшысы өңірдегі ұлтаралық ахуалдың тұрақты болуына елеулі үлестерін қосқан азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады. «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен Түркістан облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нурсбек Капар-Пур, Түркістан облыстық «Ахысқа» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сарманбай Сафаров және Түркістан облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Султанов марапаттады.

Өмірзақ Шөкеев - Түркістан облысының әкімі

«Ассамблея - еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған жұмыстарын жалғастыру қажет. Аталған міндеттерді орындау жолында ел бірлігін сақтай отырып, рухани жаңғырған бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруға үлес қосу – бәріміздің қастерлі парызымыз. Баршаңызды алда келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

 

Ә. Дәулетбекқызы                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...