ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЕЛДЕГІ ЭПИД АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

20:07, 23 қараша 2021

Коронавирусқа қарсы ақылы түрде салынатын вакцина қымбат болмауы керек. Екпені елге жеткізуге бюджеттен қаржы бөлінбейді. Онымен комерциялық ұйымдар айналысады. Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Алексей Цой Үкімет отырысында Қазақстанның жасыл аймаққа енгенін жеткізді. Соңғы айда аурудың өсімі 2,4 есе азайған. Яғни, 1800-ден 800 жағдайға дейін төмендеген. Инфекциялық және реанимациялық төсек орындары 30 пайызға толы. Елге 645 мың пфайзер вакцинасы жеткізілді. Жалпы, 4 млн дозаға тапсырыс берілген. Шетелдік вакцинаны 26 мың 400-ге жуық жасөспірім мен 8 мың 700-дей жүкті және емізулі аналар салдырды.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

 

ВИРУСТАРДЫҢ АСА ҚАУІПТІ ШТАМЫН САҚТАЙТЫН ЗЕРТХАНА САЛУ ЗЕРТТЕЛІП ЖАТЫР

Сондай-ақ министр вирустардың аса қауіпті штамын сақтайтын зертхана салудың маңыздылығын түсіндірді.  Жамбыл облысы Қордай ауданында жерасты қоймасы бар биологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары ғылыми зертхана салу жоспарланған. Алекксей Цой қарапайым зертханада қауіпті штамдармен күресу мүмкін еместігін айтты. Жұқпалы болғандықтан онда жұмыс істейтін адамдарға тиісті жағдай жасалуы керек. Қорғаныс костюмдері мен ауаның өңделуі маңызды. Бірақ, бұл мәселе әлі зерттеледі,-деді. Қазір елде  BSL-3 зертханасы бар. Соның негізінде QazVac вакцинасы дайындалды.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...