ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

15:41, 8 сәуір 2021

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ержан Ергеш және басшының МӘС мәселелері жөніндегі орынбасарының м.а. Сырым Шонанов баспасөз брифингін өткізді. Брифинг барысында департамент тарапынан 2020 жылғы атқарылған жұмыс қорытындысы және 2021 жылдың І тоқсанында жүзеге асырылған жұмыстардың есебі баяндалды.

Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленіп жатқан арнайы мемлекеттік жәрдемақы түрі, көпбалалы отбасыларды қолдау және оларға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету түрлері түсіндірілді.Сонымен қатар,  зейнетақы төлемі мен өзге де әлеуметтiк жәрдемақылардың арттырылу тәртібі, мемлекеттік қызмет түрлері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, аталған қызметтерді электронды форматта алу қалай жүзеге асатыны жөнінде кеңестер берілді.

Ержан Ергеш - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон  комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қағаз түрінде көрсетілетін қызметтерге өтініштерді онлайн режимінде беру мүмкіндігі де түсіндірілді. Департамент өкілдері мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау қызметі «Электрондық үкімет» порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүзеге асатынын жеткізді.

 

Н.Әбдірашит                                                                               

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...