ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ТАУАР БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

17:39, 14 қаңтар 2022

Шымкент қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына апта сайын мониторинг жүргізуде. Жалпы қалада азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, тапшылық жоқ.

Шымкент халқын қажетті азық-түліктермен ұдайы қамту үшін қажетті шаралар жүргізілуде. Қазір қаладағы 40 сауда нүктесінде тауарлар әлеуметтік бағада сатылып жатыр. Сауда желілеріне тұрақтандыру қоры арқылы 5,7 млрд теңгенің қаражаты бөлінген. Соның есебінен халық жиі тұтынатын тауарларлар бағасы тұрақты дейді салаға жауаптылар.

Aсқар Қаныбеков –Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы

Шаһар аумағындағы азық-түліктер сатылатын сауда орындарындағы бағаны қадағалау үшін арнайы мониторингтік топ құрылған. Әкімдік өкілдері мен тиісті департамент қызметкерлерінен құралған комиссия мүшелері тексеру шараларын ұдайы ұйымдастырып отырады. Олар бағаның негізсіз көтерілуіне байланысты арыз-шағымдарды да қарайды.

Сержан Сихымбекұлы – Шымкент қаласы бойынша Монополияға қарсы департамент басшысы

Бағаны тұрақтандыру жұмыстары белгілі бір уақытпен шектелмейді. Өйткені, Ел Президенті 6 айға дейін тұрақтандыру туралы тапсырма берді. Осы міндетті орындау үшін аудандағы мониторингтік топ өз жұмысын жалғастыра бермек. 

 

НазкенСкандар

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...