ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН ӘЛДЕНДІРЕТІН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

13:16, 14 қаңтар 2022

Мемлекет басшысының маңызды мәлімдемесі қазір ел арасында қызу талқыланып жатыр. Президент Тоқаевтың әсіресе, әлеуметтік ахуалды жақсарту, кәдеге жарату төлемін алып тастау және жеке тұлғаның банкроттығын тану бойынша Заң жобасын жасау жөнінде берілген тапсырмалары қараша халық тарапынан қолдауға ие болуда. Осы ретте «Нұр Отан» Партиясының Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның пікірін тыңдап көрсек...

Президент пәрмен берген басты тапсырманың бірі – халық пен билік арасындағы алшақтық. «Шенеуніктердің азаматтармен диалогы тиімділігінің төмен екендігін айтып өткен жөн. Мемлекеттік орган басшылары халықпен сөйлесе алмайды, тіпті кейде қорқатын секілді. Үкімет мүшелері өңірлерге жиі шығуы тиіс. Ал өңір әкімдері халықпен кездесу өткізіп, тұрақты байланыста болуы керек», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жанар Бектаева -   «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары

Елге ылаң салған содырларлардың соңғы әрекеттерінен кейін шетелдік инвесторлардың Қазақстан туралы пікірі өзгеруі мүмкін. Сондықтан, жергілікті тауар өндірушілерді жалпы бизнес өкілдерін қолдайтын біріңғай шаралар қабылдануы тиіс. Әрі мемлекет басшысы «байлар байлығымен бөліссін» деп еді ғой.

Жанар Бектаева -   «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары

«Көппартиялы Парламент саясат сахнасында бәскелестікті арттырады», дейді Жанар Әлібекқызы. Ал, былтыр саяси партияға шағымын айтып, сезгіз мыңға жуық халық келген. Бұқара базынасының 6 мыңы оңтайлы шешімін тауыпты.  Олардың дені баспана және тұрмыс тауқыметін тартып жүргендер екен.

Жанар Бектаева -   «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары

Жаппай тәртіпсіздік елдегі теңсіздікті ашық көрсетті. Қасымжомарт Тоқаев әсіресе, әлеуметтік саясат туралы көп айтты. Үкіметке «халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуге», инфляцияны ауыздықтап, жұмыссыздықты азайтуға тапсырма берді. Мемлекет басшысының маңызды мәлімдемесін орындау үшін жергілікті мәслихат депутаттары тыңғылықты жұмыс істеуге көшпек.

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...