ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ ТЫҢ ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

18:30, 6 наурыз 2020

Салалық бақылау күшеймек. Еңбекші аудандық прокуратурасы мектеп жасындағы балалардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тың жобаны қолға алды. Әзірге ол пилоттық жоба ретінде жүзеге асқан. Егер оң нәтиже берсе, еліміздің барлық өңірінде іске асатын болады.

Отбасылық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, балаларға қарсы қылмыстар үшін жаза күшейді. Бұл заңның талабы. Осындай кереғар әрекеттердің алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданының прокуратурасы тың жобаны қолға алды. 2020 жылы 21 қаңтарда білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары мен бақылау функциясы бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және төтенше жағдайлар бөлімі бірлесіп пилоттық жобаны іске қосты.  

Нұрлан Қайназаров – Еңбекші аудандық прокуратурасының аға прокуроры

Бұған былай мектептегі медбикелердің жауапкершілігі мен қатар құзіреті артпақ. Қаладағы №14 медициналық орталықтың 62 медбикесі тек Еңбекші ауданындағы 38 мектепте жұмыс істейді. Олар жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау, ерте жүктіліктің алдын алу бағында семинарлар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Анастасия Водолажская - №14 медициналық орталықтың өкілі

Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтар, ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алу үшін білім беру ұйымдарында медициналық қызмет көрсететін   пункттер цифрлық жүйеге өткізілді. Оған 1 мрлд-қа жуық теңге қаралған. Егер пилотты жоба оң нәтижесін берсе, осы жүйені еліміздің барлық аймағына енгізу жоспары бар.

Р.Бақытжанқызы                                       

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...