ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ТІРЛІК КӨП

16:36, 11 қараша 2021

Еңбекші ауданында атқарылған еңбек көп. Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтсақ: ауыз сумен – 94,4%, электр жарығымен – 96,5%, табиғи газбен 90,7%, кәріз жүйесімен – 57% ды құрайды.

Осы жылы ауданға қарасты «Қарабастау» тұрғын алабының жаңақұрылысында 750 абонентке арналған электр желісінің құрылысы аяқталды. Ал «Жалын» тұрғын алабында 566, «Жұлдыз» тұрғын алабының жаңақұрылысында 484 абонентке сапалы электр желісімен қамту жұмыстары жүргізілуде. Ал табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші жыл қорытындысымен 86,4 пайызды құрайды. Қазіргі таңда 45 көшені асфальттау жұмыстары аяқталса, 12 көшеде жұмыстар жүргізілуде.

Досбол Есілбек – Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі

Биылғы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына сәйкес, аудандағы 8 көшеге  жарық бағаналары орнатылып, желі тартылды. Айта кетейік, келесі жылы абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында жүргізіледі.

 

НазкенСкандар   

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
13:49, 24 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Толығырақ...
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
13:46, 24 мамыр 2022
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...