ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

17:37, 14 қаңтар 2022

Еңбекші ауданының әкім Қарабастау, Жалын тұрғын алабтарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауданның инфрақұрылым мәселесін сөз еткен Досбол Есілбек, жергілікті халықтың тарапынан айтылған өтініштерді тыңдап, сауалдарына жауап берді. Көбінде жарық, су, жолдың проблемасы көтерілуде. Сондай-ақ, көше жарығын жеткізу жағы да жеделдесе деген, тұрғындардың талап-тілектері бар.

Айман Сарманованың Қарабастау тұрғын алабы аумағындағы жаңа құрылысқа көшіп келгеніне 3 айға жуықтапты. Алғашында көршінің жарығына ортақтасып жүрген жас жанұя, электр қуатының күші тым төмендеп кеткен соң құрылысқа ғана қолдануды жөн санадық, дейді. Бар тірлігін күн жарықта бітіруге тырысатын жас ана, кешкі уақытта шам жағып жан бағып келген.

Айман Ермек  - Қарабастау тұрғын алабының тұрғыны

Қарабастаудың жаңа құрылысын мекендеген ағайын осы уақытқа дейін жекенің трансформаторына телміріп келген. Жарықтың бағасына сапасы мүлдем сай келмейтін еді, дейді тұрғындар. Мұндағы  құрылыс  2020 жылдың қараша айында басталып, 2021 жылдың аяғына таман тәмәмдалған.Нәтижесінде, 700 жуық үй қамтылған. Былтырғы жылы Қарабастаумен қатар, Жалын, Жұлдыз, Бадам-2, Қаратөбе тұрғын алабтарының жаңа құрылыстарына да сапалы жарық жетті. Бүгінде ауданның мемлекеттік электр қуатымен қамтылу көрсеткіші 96,5 пайызды құрап отыр. Бұйыртса, бұл көрсеткіш биыл 100 пайыз болады деген үміт бар. Ал, таза ауыз сумен аудан бойынша қамтылмаған 3701 абоненттің жобасы ағымдағы жылы жобаға енуі тиіс, дейді аудан әкімі Досбол Есілбек.

Досбол Есілбек – Еңбекші ауданының әкімі

Қала шетіне қоныстанған ағайынды көше жарығы да жиі мазалауда. Одан бөлек ауыз су, көгілдір отынның да жайы қинап келеді. Бұл проблемалар бүгін аудан әкімінің алдында айтылды.

Кеңес Сеитаев  - Қарабастау тұрғын алабының тұрғыны

Амангелді Егемберді  - Жалын тұрғын алабының тұрғыны   

Еңбекші ауданы бойынша былтырғы жылы  тозығы жеткен 41 аула жаңарған. Сондай-ақ, ашық аспан астындағы спорт алаңдарының басым көпшілігі шалғайдағы елдімекендерден бой көтерді. Биыл да бұл жалғасады деген жоспар бар. Ол үшін тұрғындар «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтініш берулері керек. Айта кетейік, бүгінгі кездесу барысында қоғамдық көліктердің қаланың орталық көшелеріне дейін қатынау жайы да сөз болды.   

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...