ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЭПИД АХУАЛ УШЫҒЫП БАРАДЫ

17:50, 14 қаңтар 2022

Эпидахуалға байланысты осыдан үш күн алдын қызыл аймаққа енген Шымкентте жағдай ушығып барады. Денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек өткен бір тәулікте 400-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Оның 34-і стационарға жатқызылып, 336 адам үй бақылауына алынды.

Бір қызығы қаладағы жағдай қанша күрделенседе шаһарда әлі жаңа шектеулер енгізілмеді. Олай болуына басты себеп қаланың бас санитар-дәрігерінің қаулысы шықпаған. Салдарынан шаһарда соңғы уақытта санитарлық талаптардың сақталуы төмендеп, аурушаңдық артқан.

Санитарлық талап... қоғамдық көліктерде маска талап етеді ме? Біреулерінде талап етеді, біреулері ешнәрсе демейді...

Бұрындары Ашық қосымшасымен кіретін едік қазір солай ма? Жоқ. Ондай жоқ. Қазір Мегаға кіріп шықтым сұраған жоқ.

Енді оны жоғарыдағылар біледі ғой...    

Еске салып өтейік қазір қала мектептерінің барлығы Төтенше жағдайға байланысты демалыста. Оқушылар 17-сінен бастап оқулары тиіс болатын. Қаулы шықпағандықтан мектеп басшылары да дағдарып жүр. Өйткені, бір білім ошақтары дүйсенбі күнен бастап қалыпты жағдайда оқитындықтарын мәлімдесе енді бір мұғалімдер оқудың онлайн болатыны туралы хабар таратқан. Мәселенің мән жайын білу үшін Шымкент қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау депаратаментіне барғанымызбен нақты жауап болмады.  

 

М Айтжанов            

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
17:53, 27 қаңтар 2022
ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
17:51, 27 қаңтар 2022
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...