ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЕРЕКШЕ ЖОБА ЕКПІН АЛЫП КЕЛЕДІ

14:42, 11 маусым 2021

Сайрам ауданындағы ерте көктемде басталған «Ауыл – ел тірегі» он күндік іс шаралар жобасы Қайнарбұлақ ауыл округінде жалғасты. Бұл аудан бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан округтердің бірі болса да атқарылатын шаруалар мұнда да жетерлік. Сол үшін алдағы он күн ішінде жүзеге асатын нақты жоспарлар түзіліп, қызу жұмыстар басталып та кетті.

Жалпы,     Қайнарбұлақ Сайрам ауданындағы  іргелі  ауыл округтерінің бірі. Мұндағы 8 елдімекенде 11 мыңнан астам тұрғын бар.      Халқы еңбекқор. Соның арқасында тұрмыс- тіршілік те жаман емес.  Жетістіктер де жетерлік. Алайда атқарылатын істер де көп. Бүгінде солардың нақты жоспары түзіліп, олардың дені халықтың  бірлігі арқасында атқарылуда.

ҚАЙРАТ БОЛАТАЕВ  - ҚАЙНАРБҰЛАҚ АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ  МІНДЕТІН  АТҚАРУШЫ    

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің бастамасымен  жүзеге асып жатқан бұл шаралар кімге де болсын тиімді. Өйткені, бұл жобаның  ең басты ерекшелігі, бұл жұмыстарға бюджеттен ешқандай  қаржы қаралмайды, бәріне  демеушілер тартылып,  асар негізінде атқарылады. Ал оған жалпы жұрт жұмыла атсалысуда.

КҮЛСАРА ҮСЕНОВА  - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Ауыл округі бойынша  осы он күн ішінде атқарылатын шаруалар негізінен  халықтың  ұсыныс пікір есебінен түзілген. Сондықтан олардың дені   халықтың күнделікті тұрмыс тіршілігіне аса қажет  ағын су мен жол, электр жарығы мен  көшелерді көркейтіп, көріктендіру бағытында. Ерекше жоба тек ауыл- елді көркейтіп, көріктендіріп    қоюмен ғана шектелмейді. Оның аясында түрлі қайырымдылық шаралары да енгізілген.  Міне, осы бағытта қазір  мұнда  тұрмысы төмен төрт отбасыға арналып, екі тұрғынүй салынуда. Құрылысқа жергілікті азаматтар демеушілік жасап отыр.

МАДИЯР ОРАЗАЛИЕВ -САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Міне,     осындай жүйкелі жұмыстардың арқасында     айлап, тіпті, жылдар бойы қордаланған мәселелер  осы он күн ішінде шешімін табуда.   Аудан басшысының бастамасымен  дүниеге келіп, ел ішінде  ерекше жоба аталған бұл жоба уақыт өткен сайын екпін алып келеді.  

 

М. Атабек                                             

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар