ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЕРЕКШЕ ЖОБА ЕЛГЕ СЕРПІН БЕРУДЕ

17:10, 21 шілде 2021

Биылғы ерте көктемге басталған Сайрам ауданындағы «Ауыл – ел тірегі» жобасы Көлкент ауыл округінде жалғасты. Түрлі іс – шараларды қамтыған онкүндік аясында барлық елдімекендерде жоспарланған жұмыстар түгелге дерлік жүзеге асуда. Соның негізінде ауылдар абаттандырылып, көшелер тазартылуда. Жарықшамдар қойылып, жолдар жөнделуде. Ел үшін ерекше әрі тиімді жобаға жұрт ықыластана атсалысуда.

Қарапайым тұрғындар бұл жобаны өте тиіміді деп санауда. Өйткені, Көлкент тұрғындары үшін   бұрындары үлкен мәселеге айналып келген жайылымға шығатын жол ашылды. Сондай –ақ, Қосбұлақ пен Ханқорған ауылдарында жолдар кеңейтіліп, көшелер тазартылды.  Әкімшілік  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен болған   елдік мақсаттағы бұл жұмыстарға  ауыл тұрғындары белсене қатысуда.

СЫМБАТ  ЕСТАЙ  - БАС МАМАН

Мұндай  тындырымды тірліктер  барлық елдімекендерде көрініс тапты.  Мәселен, Қосбұлақ ауылында  көше бойындағы жарықшамдар қайта ретке келтіріліп,  тұрғындар бір жасап қалды.

ӘБДІРАСЫЛ  АНАРТАЕВ -  АУЫЛ БИІ

Ауыл тұрғындарының  ұйымшылдығы арқасында Ақсуабад елдімкенінде де бірқатар игілікті істер орын алды. Соның бірі  елдімкендерді жалғайтын ені тар бір шақырымдық асфальт кеңейтіліп,  көлік жүргізушілері үшін қолайлы жағдай жасалды.

МЫРЗАТАЙ  ӘБДІРАЙЫМОВ -  АУЫЛ БИІ

БАХРОМЖАН  ИМАМОВ  - БАС МАМАН

Жалпы, айтулы шара  аясында  бұл округке  байланысты 29 жоба әзірленген болатын. Бүгінде оның бәрі нақты жүзеге асуда. Елдегі ерекше жоба осылайша өзінің өміршеңдіген танытуда.   

 

М. Атабек                                             

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...