
Шымкентте қалыптасқан жағдайды реттеу үшін қоғамдық тәртіп сақшылары құрылды. Олардың ішінде белгілі спортшылар мен, айтыскер ақындар және дін өкілдері бар.
Жалпы саны 200-ден асатын сақшылар қала аумағында 6 топқа бөлініп құқық қорғау және әскерилерге көмектеседі. Сонымен қатар халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бүгін құрылған ұйым мүшелері қала әкімдігінің алдына жиналып алдағы жұмыстарын пысықтады. Өз кезегінде жұртты сабырға шақырып, елдің болашағы жолында бірігуге шақырды. Сонымен қатар дін өкілдері қалыпты өмірге ертерек оралу үшін коменданттық сағат кезінде тәртіпке бағынып, талаптарды қатаң сақтауға шақырды.
Ахметжан Керімбек – Әл-Фараби ауданының бас имамы