ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР БЛОК – БЕКЕТТЕРГЕ ТҮСКІ АС ТАРАТТЫ

13:18, 14 қаңтар 2022

Елдегі төтенше жағдайға байланысты құрылған «Халық сақшысы» еріктілер жасағы құқық қорғау қызметкерлерімен берлесіп Жетісай ауданындағы блок бекеттердегі қызметкерлерге түскі ас таратты. Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған ерікті жастар жағы комендаттық сағат кезінде тұрғындарға тәртіпке бағынып үйден шықпауға кеңес берді.

Жаппай тәртіпсіздік орнап, жағдай ушыққан кезде аудан аумағынан 7 блок бекеттер қойылды. Бүгінде жағдай тұрақты, нәтижесінде блок бекеттер алынып, тек Азаттық ауылының тұсына тұрақтады. Онда Лаңкестік әрекеттердің жолын кесу, бұзақылықтың алдын алу бойынша қызмет етіп жатқан сақшыларға ерікті жастар ыстық тамақ апарды. Сондай ақ комендаттық сағат кезінде, құқық қорғау мекемелерінің  қызметіне кедергі келтірмеуге шақырды.

Оңдасын Мұсабекұлы - Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы

Ауданға кірген шыққан көліктерді жіті тексеріп, түнгі 23:00ден таңғы 7ге дейін енгізілген комендаттық сағат кезінде тәртіпті бұзғандарға тиісті шаралар атқарылуда. Бұл міндетті полиция, шекара қызметкерлері мен әкімшілік бөлімінің мамандары атқаруда. Олар күндіз-түні, өз отбасынан алшақта қызмет етуде.  

Сәбит Татаев - ЖАПБ жергілікті полиция қызметі, учаскелік полиция инспекторы

Бүгінгі таңда ауанымыздың барлық ауылдық округтері мен елді мекендерде еріктілер тобы қоғам тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосуда. Жалпы облыс бойынша құрылған «Халық сақшылары» жасағына 1560 адам қамтылған. Соның  120 Жетісай ауданында. Олар осындай қиын сәтте ауызбіршілігіміз мықты болса бар ауырлықты  еңсереміз деген сенімде.

 

Н.Әбдірашит                                                          

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...