ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЕШКІМ ДЕ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

15:51, 8 сәуір 2021

Биыл облысымыздың бірқатар аймағында қар қалың түсіп, жауын – шашын да көп болды. Соның әсерінен жердің ылғалдығы да мөлшерден тыс артқан. Әсіресе, бұл құбылыс Созақ ауданында еркеше байқалуда. Соның әсерінен жер асты сулары көтеріліп, ол біраз елдімекен тұрғындарына қолайсыздық туғызуда.

 Рас,  жауын – шашын  мөлшері биыл Созақ ауданында да көп болып тұр.  Оның үстіне қыстың соңғы айларында түскен қалың қардан да  ылғалдылық еркеше артқан.  Ал мұның бәрі жер асты суының көтерілуіне себеп  болуда. Соның әсерінен бұл біршама қолайсыздықтар туғызуда. Әсіресе,  мұндай құбылыстан аудан орталығымен іргелес жатқан Жеткіншек ауылының тұрғындары біраз әбігерге түскен.

ГҮЛСІМ  ҚАЛТАЙҚЫЗЫ - ЖЕТКІНШЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жеткіншек ауылында жерасты суының көтерілуі бұрында байқалған. Алайда, ол күн жылынған сәтте өздігінен  тартылып кетіп отырған. Ал биылғы жылы ондай  құбылыс әзірге байқалмайды.  Дегенмен,   ауыл маңынан жалпы ұзындығы екі шақырымға жуық қашыртқы  қазылып, жиналған су соған жіберілуде. 

ӘДІЛ  ЕЛІБАЕВ - ШОЛАҚҚОРҒАН АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

(Бұл ауылда 100 ден астам үй бар.  Комиссия құрылған. 9 техника   мен екі мотопомпы жұмыс істеп жатыр...)

Дегенмен,  жергілікті атқарушы билік  тарапынан да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ол үшін арнайы комисия құрылып, зардап шекен құрылыс нысандары анықталуда. Сондай –ақ. Осы жағдайға байланысты арнайы мамандар да шақырылып,  сараптама жасалуда.

БЕКЗАТ  ӘЛМАҒАНБЕТОВ -  СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  

 (Тараздан арнайы суманмандарын шақырттық. Солар арнайы сапартама жасап жатыр. Ал зардап шеккен үйлер де нақтыланып жатыр.. қажет көмектің бәрі болады...)

Қазір баспанасы қатты зардап шеккен бір –екі отбасы   әкімшілік жәрдемімен  басқа үйлерге   орналастырылған.  Қажет еткендерге ондай көмектер әлі де болмақ.  Дегенмен, бәрін де сабырға салған жөн дейді,- ауыл азаматтары.  

ШОКАЛАД  ПАРМАНҚҰЛОВ - ШОЛАҚҚОРҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

(Бір ғана Жеткіншекте емес, барлық жерде су көтеріліп жатыр..  Мұнны соншалықты апат деуге келмес... Бұдан да зор апатқа ұшырағындар болды ғой..Сабыр берсін...)

 

МҰХТАР АТАБЕК – ТІЛШІ

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...