ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЕСКЕРТУЛЕРДІ ЕСТЕН ШЫҒАРУҒА БОЛМАЙДЫ!

18:21, 7 маусым 2021

Жаз маусымы басталысымен –ақ көпшілік тұрғындар табиғат аясына шығып, шомылуға асығады. Ал сондай серуен кезіндегі кейбір ағат істер орны толмас өкініштерге әкеліп жататыны тағы бар. Бұл - шомылу мен дала өртінен сақтану шараларын сақтамаудан болатын жағдай. Осыған орай, Ордабасы аудандық ішкі істер және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арнайы рейдтер жасап, түрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ия, апат  айтып келмейді.  Алайда, көп жағдайда оған салғырт қарайтынымыз  ащы шындық. Соның бірі- рұқсат етілмеген жерлерде шомылып, орынсыз от жағу.. Мәселен ауданды кесіп өтетін Арыс өзенінің мына бір тұсында шомылуға мүлдем болмайды. Алайда,  көпір астында көлеңкелеп, шомылып жатқан жұрт көп. Олардың дені ата – ана қарауынсыз жүрген жас балалар. Бұл – өте  алаңдайтындай –ақ жағдай. Сала мамандары   балаларға да тыңғылықты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйлеріне қайтарды.

МҰХТАР АТАБЕК - ТІЛШІ

НҰРСҰЛТАН ҚАЛҚАМАН  - ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ТЖБ АҒА ИНЖЕНЕРІ

Мұндай рейдтер жиі болып тұруына қарамастан, мұнда ересектер де көптеп кездесті.  Сала мамандарының төбесін көрген  кейбір азаматтар , жалаңаш күйде көлігіне міне қашты.   Дегенмен,   мамандар бүгінгі рейдтің мән – жайын айтып,  ескертулер жасады.

АҚТӨРЕ АҚЖОЛБЕК  -ОРДАБАСЫ АПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ  

 Айтып келмейтін апаттың бірі – өрт екені белгілі. Әсіресе, қазір дала өрті өршіп тұрған шақ. Өйткені, биылғы жаз ерекше  аптаппен басталды. Міне, мұндай кезде дала өртінің  адами факторлардан жиі орын алып жатады.  Мамандар бұл бағытта да түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

НҰРСҰЛТАН ҚАЛҚАМАН  - ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ТЖБ АҒА ИНЖЕНЕРІ

 Апаттың да, төтенше жағдайдың да алдын алуға  мүмкіндік бар. Ол үшін тұрғындар тиісті сала мамандарының ескертулері мен талаптарын ескеруі тиіс. Сондықтан, мамандар  бұл азаматтарға да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынамалар таратты.

 

. М. Атабек                                             

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...