ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ : ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС !

15:06, 26 ақпан 2021

Шымкентте Алғыс айту күні мерекесі жалғасын табуда. Бұл жолы Армениядан қоныс аударған Ахмедовтер отбасы мереке қарсаңында барша қазақ халқына ризашылығын жеткізді. Керегесі кеңейіп, тамыры жайылған әулеттің Қазақстанда тұрып жатқанынан биыл 84 жыл. Осы орайда әріптесім Айдана Қуанышқызы тілі басқа болғанмен тілегі бір ұлыс өкілдерінің шаңырағында болып қайтты.

Әулеттің үлкені Тимур Ахмедов 1 жасында яғни 1937 жылы солақай саясаттың салдарынан ата-анасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған. Есін білгелі қазақ даласында өсіп, білім алып,  осында отбасын құрған. Қазіргі таңда Жыланбұзған ауылында тұрады. Жастайынан ізденімпаз, оқу-білімге жақын болған Тимур Садықұлы бүгінде  2 бірдей кітап жазып, өлең шығарып, әртүрлі мәдени жұмыстарға да  белсене араласады.

ТИМУР АХМЕДОВ САДЫҚҰЛЫ -ЭТНОС ӨКІЛІ

Қазақ елінен жақсылық көрдік, жамандық көрмегенбіз. Менің әкем біздерге айтқан балдарым, қазақ елі кең ел. Оларды құрметтесең, құрмет табасың. Алла құрметтейді. Ол ақиқат// Қазақстанға тыныштық тілеймін. Қазақстан халқына достық, бірлік бар жақсылықты тілеймін. Қазақстан халқына алғыс айтамын.

Қазіргі таңда 83 жастағы қарияның 3 баласы 2 қызы, 14 немересі және 30 шөбересі бар. Балалары мен немерелері де қазақ тілін жетік меңгерген. Сондай-ақ қазақтың салт-дәстүрін де ұстанады.  Өйткені, туған жері Қазақстан болғандықтан, қазақтарды бауырымыз деп білеміз,- дейді Бақтияр Ахмедов.

БАҚТИЯР АХМЕДОВ – ЭТНОС ӨКІЛІ

 «Көпұлттылық – Қазақстанның кемшілігі емес, артықшылығы». Елбасы сөзі жылдан жылға өзінің шынайылығын дәлелдеп келеді. Қазақстандық бірлік - бүгінде төрткүл дүниеге өнеге-үлгі. Әр ұлт өзінің салтына бекем, дініне, тіліне ие. Ахмедовтер әулеті осы еркіндігі үшін қазақ халқына алғыс айтудан еш жалықпайды.   

ВАРДАК АХМЕДОВА –ЭТНОС ӨКІЛІ

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялаған болатын.

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                                                       

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...