
Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің Елшілері Түркістандық студенттермен кездесті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне Қазақстан Республикасындағы Еуропа Одағының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы, Өкілетті және Төтенше Елшісі Свен-Олов Карлсон бастаған Чехия, Хорватия, Финляндия, Румыня, Австрия, Словакия, Германия мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері арнайы келді.
Кездесу барысында қонақтар оқу ордасының жетістіктерімен танысты. Европа Одағының тәжірибесі негізінде Түркістанда Орта Азиядағы университеттерді трансформациялау Хабын құру мәселесі айтылды. Университет пен Еуропа Одағының жетекші ғылыми-зерттеу институттары арасында археология бағыты бойынша әріптестік орнату жайы қозғалды. Медициналық білім саласын Еуропа Одағының озық тәжірибесі негізінде модернизациялау жобалары талқыланды. Одан соң, Елшілер оқу орнымыздың музейімен танысып, студенттерімен дөңгелек үстел басында Ambassadors Café форматында интерактивті дискуссия өткізді.