ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ГАЗ БАЛЛОНЫН ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНЕН ТОЛТЫРУ ҚАУІПТІ

14:26, 19 қаңтар 2021

Газ балонды жанар-жағармай құю бекетінен толтыру қауіпті. Оның соңы қайғылы жағдайға алып келуі де әбден мүмкін. Осылай деген Әл –Фараби аудандық төтенше жағдайлар қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қала тұрғындары пропан балонды арнайы алдырғаннан арзан деп жанармай бекетінен толтырады. Бірақ мамандар мұндай әрекет қауіпті,дейді. Себебі бекеттерде қысым өлшемінен адасады. Сондықтан бұндай газ балондар адам өміріне тікелей қауіпті.

 

Нұрдәулет Ерғали - Әл-Фараби аудандық ТЖБ инженері

Газ балонның салдарынан көптеген адамдар жарақат алып және адам өміріне айтарлықтай шығын әкелуі мүмкін. 

 

Төтеншеліктер  аудандағы жағдайы төмен 10 отбасыға газ иісінен дабыл қағатын қондырғыны тегін орнатып берді. Олар төрт түрлі құбылысты анықтауға қауқарлы. Үй ішінде адам денсаулығына қауіпті жоғары температура қалыптасып, түтін мен улы және иісті газдар таралса  дабыл іске қосылады.

 

Жанғали Аяпов - Әл-Фараби аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы

Цифырландыру жүйесіне көшу мақсатында Шымкент қаласының ТЖД қолдауымен Әл-Фараби аудандық ТЖБ 10 отбасыға қондырғы орнатып беріп жатырмыз.

 

Тойшы Исламов – Шымкент қаласының тұрғыны

Әл-Фараби әкімшілігі Әл-Фараби ЧС бәріне рахмет.

 

Аталған құрылғы заманауй талапқа сай. Сенсорлы құрылғы құбылысты байқап дабыл қағады. Ол ақпарат ПРО ЛАЙФ компаниясына барады. Келіп түскен мәліметті ары қарай компания өкілдері құлақтандыру схемасы бойынша тиісті мекемеге хабар береді.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...