ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ГРЭППЛИНГ СПОРТЫНАН ӨТКЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

17:28, 6 мамыр 2021

Қойнауы шежіре мен тарихқа бай Шардара жерінде грэпплинг спорт түрінен 2001-2005 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Үш күнге созылған жарысқа Республикамыздың барлық қалалары мен облыстарынан құрама командалар қатысты. Жеңісті көздеген палуандар , боз кілемнің шаңын шығарып, жарыстың өз деңгейінде қызықты әрі тартысты өтуіне бар күш-жігерлерін салды.Алдағы бейнесюжетте толығырақ.

Ел чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғаған Шардара ауданының спортшылары 2 алтын, 2 күміс, 2 қола алқаларды жеңіп алды. 92 келі салмақ дәрежесінде күрескен спортшымыз Құттымұрат Батухан грэпплингтің ги және грэпплинг UWW түрлерінен қарсылас шақ келтірмей, оқ бойы оза шауып қос алтынды қанжығасына байлады.

Тоқжан Толепберген – Спортшы

Сонымен қатар, грэпплинг UWW спорт түрінен 85келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшымыз Шағырбай Бекарыс ақтық сында қарсыласына есе жіберіп күміс алқаны еншіледі.

Секен Қалиев-Греплинг күрес түрінің мемлекеттік жаттықтырушы

Ал, грэпплинг ги спорт түрінен 76 кг Құдайберген Данияр 2 орынды, 50 кг Нұрберген Рахат 3 орынды, 85келіден жоғары салмақта Жахан Рауан 3 орынды иемденді. Жарыстың "ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ" атағы жерлесіміз Құттымұрат Батухан мен Шымкент қаласынан келген спортшы Бекарыс Шыңғысханға бұйырды. Үздік күрсекені үшін Құттымұрат Батуханға Шардара аудандық маслихатының хатшысы Қарсыбаев Арман Романұлының атынан арнайы сыйлық табысталды.

 

Н.Әбдірашит                                      

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...