ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ

15:10, 14 қыркүйек 2021

vБиыл егемен ел болғанымызға 30 жыл. Тәуелсіздік - біздің ең қастерлі құндылығымыз десек, ең басты жетістігіміз - біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Осы жылдар аралығында ауызтолтырып айтарлықтай үлкен белесті бағындырдық. Осы орайда, халықтың арасынан таңдаулы болып шығып, тұрғындармен тұрақты, жұртшылықпен жұмыла жұмыс жасап отырған депутаттардың да еңбектері бар.

Бәйдібектік депутаттар белсенділік таныту арқылы көп істің ұйытқысы, қайырымдылықтың бастамашысы болды. Боралдай өңірі ауданда жер көлемі жағынан үлкен, тұрғындары көп шоғырланған аймақ. Халық саны көп болғандықтан бұл аймақтан екі депутат елге қызмет жасайды. Соның бірі "Нұр Отан" партиясынан сайланған Әбдірахман Төрехан. Өткен жылы "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша жолдар асфальтталып, көшелер жарықтандырылды. Жүргіншілер үшін аяқ жолдар жөнделіп, суағарлар ретке келтірілді. Көгілдір отынмен қамту мәселесі алдағы уақыта толықтай жүзеге асады деп күтілуде дейді,- халық қалаулысы.

Әбдірахман Төрехан –Бәйдібек аудандық мәслихаттың депутаты

"Ер болсаң еліңе пайдаң тисін" деген қағиданы ұстанған депутат   өзі сайланған округкке көптеп көмегін тигізіп келеді. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының өсуіне үлесін қосатынын жігіттің жақсылығын ауыл ақсақалдары да тілге тиек етіп жүр.

Сегізхан Орынбасаров - Боралдай ауылдық округінің төбе биі

Нұр Отаннан" сайланған Әбдірахман Нұрланұлы партия бастамасымен ұйымдастырылып отыратын қоғамдық қабылдауларға, қайырымдылық акцияларына және тұрғындармен кездесу іс-шараларына жиі қатысып отырады. Депутат үшін мақсат біреу - халықтың мұң-мұқтажын билік өкілдеріне жеткізіп, шешілу жолдарын қарастыру. Оған қоса әрдайым  қамқорлықты қажет ететін отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созуып, игі істің басында жүреді.    

 

Назкен Скандар                                                                                                                      

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...