ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

17:14, 4 маусым 2021

"Халық мұрасы-халық қазынасы" Осындай атаумен шымкенттегі «Көрме» орталығында ұлттық қолөнершілер жәрмеңкесі өтті. Онда түрлі қол-өнер бұйымдары, қыз жасауы, зергерлік бұйымдар көптің назарына ұсынылды. Осылайша атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық өнер жаңғырды.

Түрлі нақыштағы құрақ көрпелер, ағаштан тұтас ойылған бұйымдар, сан түрлі әшекейлер келушілердің көзайымына айналды. Көздің жауын алатын заттардың барлығы шымкенттік шеберлердің қолынан шыққан. 40 қа жуық қатысушылар өз өнімдерін ұсынып ғана қоймай, өз ара бақ сынасты. Арнайы құрылған қазылар алқасы үздіктерді анықтап, шеберлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Ғибадат Нәжмеденов – Көрме орталығы директорының орынбасары

Арнайы әділ-қазылар сайлағанбыз. Ақпарат саласынан, өнер саласынан, суретшілер саласынан және қолөнершілер саласынан. 4 арнайы әділ қазы қазір жұмыс жасап жатыр. Түстен кейін арнайы бағалы сыйлықтармен марапаттайтын боламыз.

Гульмира Жомартаева ағаштан түрлі бұйымдар жасайтын  шебер. Оюмен өрнектелген қыз жасауы, тойбастар ыдысы  мен  қобдишаларына сұраныс жоғары. Себебі барлық заттары сыйлық ретінде тарту етуге жарайды. Қазақы нақыштағы бұйымдарды дәріптеген шебер өнерін осылай табыс көзіне айналдырып отыр. Тіпті шеберханасына 4 адамды жұмысқа алған. 

Гүлмира Жомартаева –  шебер

Әр заттың өзінің жасалу жолы дизайны арнайы бөлінген уақыт арнайы жұмысшы балдар  бар. Біз қазақы стильде қазақша заттарды өндіруге көп ойлаймыз. Өзізіміздің ұлттық нақышта шкатулкалар бар.

Өскелең ұрпаққа аса бай мұраны дәріптейтін шараның жастарға берері көп. Себебі, бұл бастама жастардың ұлттық өнерді ұлықтауға үндейді. Осыны мақсат тұтқан шара кезінде қолөнершілер өз білгендерімен бөлісті. Ұйымдастырушылар берері мол көрменің алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын айтуда.

 

Ф.Ахмет              

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...