ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚ САНАҒЫ АЛҒАШ РЕТ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТЕДІ

15:01, 3 маусым 2021

Биыл халық санағы алғаш рет онлайн режимінде өтеді. Бұл жоба қалай жүзеге аспақ?

2021 жылдың 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында Қазақстанда жалпы ұлттық халық санағы өтеді. Онлайн режимде және дәстүрлі тәсіл яғни респондентке сауал қою арқылы да өтуге болады. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта, онлайн-режимде арнайы sanaq.gov.kz сайтында респонденттерге санақ парақтарын өз беттерінше толтыруға мүмкіндік беріледі.Мобильді азаматтар үшін «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы Ұлттық санаққа қатысу мүмкіндігі ұсынылатын болады.

Ерназар Құлтаев - Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Биыл ұлттық санақ жүргізу кезінде Қазақстан азаматтарына барлығы 87 сұрақ қойылады. Санақ парақтарындағы сұрақтар тізбегі айтарлықтай ұлғайтылған.  2009 жылдың ұлттық санағынан ерекшелігі,  биыл көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілген. Сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылған. Онда мүгедектік критерийлерін ескеріп, денсаулық сақтау статистикасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету көзделген.

Ерназар Құлтаев -Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Айта кетейік, 2021 жылдың Ұлттық санағы кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс жасайды. «1446» - елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады.Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...