ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

17:28, 12 қараша 2021

Шымкент қаласының Әділет департаментінің қызметкерлері мен адвокаттар алқасының адвокаттары жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша құқықтық акция ұйымдастырды. Адвокаттар мен жеке сот орындаушылар халыққа тегін құқықтық көмек көрсетті. Азаматтар қандай өтініштермен жүгінді? Бұл туралы толығырақ әріптесім Назкен Скандар тарқатады.

Заң кеңесі"Probono-еріктілер" және "Адал көмек" жобалары аясында ұйымдастырылды. Басты мақсат - құқықтық кеңес алатын азаматтар қатарын арттыру болып табылады. Акция аталған басқармаға қарасты «Shanyraq» отбасы институтын қолдау орталығында өтті.Азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында адвокаттар құқықтық кеңес берді.

Айнұр Исабекова - Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған акцияға департамент қызметкерлері мен  4 адвокат, 2 сот орындаушы жұмылдырылды. Олар алимент өндіру, нотариус, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қатысты мәселелер бойынша құқықтық кеңестер берілді.

Күлайхан Төлебаева - қала тұрғыны

Айта кетейік, жыл басынан бері департамент тарапынан 5 913 адамға мемлекеттік кепілдік берген заң көмегі аясында түрлі құқықтық көмектер көрсетілген. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

 

НазкенСкандар

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
13:49, 24 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Толығырақ...
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
13:46, 24 мамыр 2022
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...