ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

13:46, 24 мамыр 2022

Сенат депутаттары Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің ұжымымен және студент жастарымен кездесті. Алқалы жиында Республикалық референдумның мәні мен маңызы туралы түсіндірілді. Сондай-ақ, Сенаторлар Ата заңымызға енгізілетін өзгерістердің әрбіріне жіті тоқталып, жиналған қауымның сауалдарына жауап берді.

Сенат депутаттарының университет жастарымен кездесуі де жай емес. Жастар – ел болашағы, қоғамның қозғаушы күші. Жаңа Қазақстанды құруда өскелең ұрпақтың ықпалы басым. Жиында сөз бастаған университет ректоры Рабиға Қуатбекова өз кезегінде білім ордасының ұжымы мен жастары алда келе жатқан реверендумды қолдайтынын жеткізді.

Жиында сөз жалғаған Сенаторлар Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызына тоқталды. Елімізде үлкен саяси реформа орын алып жатқанын, ҚР Конституциясының 33 бабына өзгерістер енгізу көзделіп отырғанын атап өтті. Жаңартулардың әрбіріне тоқталып  өтті.

Сондай-ақ, Әлімжан Құртаев әрбір азаматқа еліміздің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаның мәні зор екенін тілге тиек етіп, қоғамдық-саяси іс-шарада белсенділік танытуға шақырды.

Жиын соңында жастар ел ағаларына көкейдегі толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды. Сенат депутаттары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттердің көрмесін аралады.

Тақырып бойынша материалдар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
17:35, 24 маусым 2022
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
13:58, 20 маусым 2022
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
Толығырақ...
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
13:49, 22 маусым 2022
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
Толығырақ...