ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

16:34, 13 қаңтар 2022

Қазынаға пайдалы қазбалардан қосымша кіріс түседі. Жергілікті деңгейдің де бюджеті өседі. Жұмыссыздықты жою – өз алдына өзекті мәселе. Қарызға батқандарды құрдымнан құтқару Үкімет алдындағы міндеттердің бірі. Президент бір айда халықтың табысын арттыру шараларын дайындауды тапсырды. Солардың бірқатарына қатысты ұсыныстар айтылды. Нысаналы Ығыл тарқатады.

«Халықтың сыны – қатесіз». Енді сол сынды түземей министрлердің міні түзелмейді. Мемлекет басшысы кеше мұны қадап тұрып айтты. Қадау-қадау тапсырмалар жүктеді. Халықтың қамын жасау үшін қазынаны толтыру керек. Яғни, тұрғындардың табысын арттыруға пайдалы қазбалардан бюджетке қосымша кіріс түседі.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ

Баға конъюнктурасына байланыстыра отырып, барлық қатты пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың қосымша мөлшерін есептеу тетігін белгілеу ұсынылады. Екіншіден, мұнай өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілер тізбегінен маржаның бір бөлігін алу.

Бұл бюджеттің бүйірін толтырудың бір жолы ғана. Ал, келер жылдан бастап жергілікті жерлер жоғарыға жалтақтамайды. Салықтың жекелеген түрлері аймақтарға басыбайлы берілмек. Ол қандай салық? Тиімді тетіктері пысықталу үстінде. Осылайша орталық пен облыс арасындағы қарама-қарсы қаржы ағындарын азайту ұсынылды. Сосын инвестиция да – сән сөзге айналды. Бірақ, нақты іс кемшін. Сондықтан жаңа Премьер жаңа инвестициялық саясат тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.Үкіметтің экономикалық саясаты – өмір сүру сапасын арттыруға бағытталады. Сауда министрі сол жағын сабақтап берді.

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ

Ашық әрі теңдестірілген принципке сай бюджет және фискалдық саясат қалыптастырылады. Салықтық-кедендік әкімшілендірудің батыл шаралары қосымша табыс көздерін қамтамасыз етеді. Жеке секторды экономикалық өсу драйвері ретінде дамыту мақсатында бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнесті күшейтуге баса назар аударылады

Банкке қарыз болса, мазасымен бірге құты қашатындарға да басу айтылды. Биыл ақпан айында үкіметке жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша заң жобасы енгізіледі. Ал, еңбек министрі NEET санатындағы жастарды ерте анықтау қажет,-деп санайды. Бұлар оқуға, еңбектенуге, ізденуге ниетсіз саяси және азаматтық белсенділігі аса төмен буын өкілдері. Енді сол құлықсыз жастарды ақпараттық жүйе арқылы тауып, бірінші кезекте жұмысқа тартуға басымдық беріледі. Бұдан бөлек төл өсіріп, өнімін өткізе алмай отырған ауыл кәсіпкерлеріне де қолдау бар. Несиемен қатар тауарын сатып алуға кепілдік жасалмақ. 

СЕРІК ШӘПКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

Бұл шаралар ауылдардың мастер-жоспарларын қалыптастыруды, кәсіпкерлікке оқытуды, өнімдер мен қызметтерді сатып алуға кепілдік бере отырып, жеңілдетілген кредиттер мен гранттарды қамтитын болады.

Жеке ісін дамытуға арналған грант мөлшері 600 мыңнан 1 млн 200 мың теңгеге дейін артады. Түйіндей келе үкімет тұрғындардың табысын арттыру шараларын 1 айда әзірлеуі керек. Ал, халық келіп – кеткенді емес, қиылып қызмет еткенді сыйлайды.

Нысаналы Ығыл «ҰА» 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
13:49, 24 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Толығырақ...
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
13:46, 24 мамыр 2022
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА ТІРКЕТЕ АЛАДЫ
17:39, 17 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТІКТЕР САТЫП АЛҒАН СУ ЖАҢА КӨЛІГІН БІРДЕН АВТОСАЛОНДА...
Толығырақ...
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...