ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ ШАХМАТ ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ

15:54, 7 қазан 2021

Ордабасы ауданының орталығында мектеп оқушылары үшін арнайы шахмат үйірмесі ашылды. Интелектуалды ұлт қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ашылған орталық ендігі жерде жастардың зияткерлік ойынды терең үйренуіне мүмкіндік береді. Үйірменің ашылуына орай арнайы турнир ұйымдастырылды. Оған шахматтан түрлі жетістіктерге жеткен спортшылар қатысты.

Шахмат үйірмесі аудан орталығындағы жастар сарайында орналасқан. Мұнда зияткерлік ойынға қызығушы жастардың біліктіліктерін арттыруға барлық мүмкіндік қарастырылған. Тіпті атақты спортшылардың спорттық жолы туралы оқулықтарда бар. Оның барлығы үйірмеге келушілердің ой спортын еркін меңгеруіне мүмкіндік береді.

Балтабек Түйетай – «Интеллектуалды ұлт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

мен Ордабасыдан өте ғылымға-білімге құштар көп жастар өсіп шығады деп қуанып отырмын. Осы жерде интелектуалды ұлт бойынша үлкен байқау өткен. Сонда Ордабасының білімге деген құштарлық болған.

Енді ғана ашылған үйірмеге әзірдің өзінде 70 жас тіркеліпті. Әлі де қызығушылар болса тіркелуіне мүмкіндік бар. Алдағы уақытта қатысушылардың санына қарай сабақ кестесі бекітіледі. Сөйтіп, білікті мамандар дәріс береді.  Айтып өтейік, мұндағы сабақтардың барлығы тегін жүргізіледі.  

Олжас Сүлейменов – жаттықтырушы

Шахмат деген деген өзі интелектуалды ой-өрісті дамытатын ойынның бірі. Басқа спорттарда мәселен, күресте балдар өзін шынықтырса, бұл ми өрісін дамытатын ойын. .

Үйірменің ашылуына орай ұйымдастырылған турнирде жеңімпаздар анықталып бағалы сыйлықтармен марапатталды.    

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...