ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫ АЛЫП, ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

12:27, 9 сәуір 2021

Бизнес дамыса, мемлекет баиды. Шағын және орта бизнесті ілгерілетуде Үкімет бекіткен бағдарламаның шарапаты мол. Бұл ретте «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бағыты айқын. Ал, шымкенттік тұрғын Ғалия Зайдинова қайтарымсыз қаржы алып, сүйікті ісіне серпін берді. Мамандығы бойынша мұғалім келіншек оқу орталығын ашып, балаларды ағылшынша тіл сындыруға баулып жүр.

Ғалия Зайдинованың мамандығы ағылшын тілі мұғалімі. Бала кезден арманы бала оқыту болатын. Жоғары оқу орнын бітірген соң біраз уақыт жұмыс таппай жүрді. Ал, мемлекет берген мүмкіндік Ғалияға қанат бітірді. Балаларды ағылшын және орыс тіліне оқытатын оқу орталығын ашты. Қазір 20-ға жуық оқушыны орыс тілі мен ағылшын тілін меңгеруге үйретіп жүр.

Ғалия Зайдинова – Шымкент қаласының тұрғыны

Мемлекетке алғысымыз шексіз. Біз сияқты шарасыз қалғандарға үлкен көмек қой бұл...

 «Құрал-жабдықтарды өз ақшама сатып алсам, қиынға соғар еді. Шығынға батамын. Мемлекет қажет қаржы берді. Оқытты. Бұл мүмкіндікті неге пайдаланбасқа»,- дейді кейіпкеріміз. Мемлекеттен алған қаражатына оқуға қажетті құрал-саймандар мен оқулықтар сатып алды. Бұйыртса, шағын кәсібін кеңейтпек ниетте. Ал, жақын маңнан мұндай орталықтың ашылғанына ата-ана да дән разы.

Гүлбану Маналова – ата-ана

Гранттан әркімнің-ақ бар таласы. Былтыр мемлекет бекіткен бағдарлама бойынша 4 мыңнан астам азамат  қайтарымсыз қаржы алса, биыл 8 мың үміткер құжат тапсырды. Алайда, әзірге соның тек 600-іне ғана қаржы үлестірілмек.  

Маия Әлибжанова – Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының баспасөз жетекшісі 

4 пайыздан аспайтын несие беріледі. Қаулы бар. Бірақ оның көлемі әлі белгісізі...

Жалпы, аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өткен жылы 7 722 адам жаппай кәсіпкерлікті дамыту шарасына қатысты. Оның ішінде 74 адам шағын несие алды. Ал, «Бастау бизнес» жобасына 2820 адам жолданып, оқытылды.

 

Г. Қалмырзақызы                

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар