ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ

16:49, 6 сәуір 2021

Шымкентте «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында қайтарымсыз несиеге өтінім беру басталды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков брифингте айтты. Аталмыш жобаға 150 миллион теңге қаржы қаралып, 30-дан астам кәсіптің дөңгеленуіне қолдау көрсетілмек. Қолдау нақты қай кәсіп салаларына көрсетілмек? Қайтарымсыз грантты алу үшін кәсіп бастаушылар қандай құжаттар тапсыруы қажет?

Бүгінде Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлік дамуының оң көсеткіші байқалады. Соңғы бір жылдағы пандемияға қарамастан, оңтүстік өңір кәсіп көзін табуда алдыңғы қатардан көрінуде. Оған Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар да аз емес.  Күні кеше  басталған қайтарымсыз грантқа өтінім беру басталғанын қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы  мәлім етті.

Береке Дүйсебеков - Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық  даму басқармасының басшысы 

Грантқа үмітті болу үшін «Бизнеске арналған үкімет» фронт офисына тиісті құжаттар тапсыру қажет. Олардың тізімінде азаматтың жеке куәлігі, арнайы бизнес жобасы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, сонымен қатар, салық берешегі жоқытығы туралы анықтамасы қерек. Ең бастысы, өтінім берушінің соңғы 2 жылда «Бизнестің жол картасы» немесе «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде білім алғандығын растайтын құжаты болуы тиіс. Сондай-ақ, қолдау көрсетілетін кәсіптік салалардың арнайы тізімі бар.

Береке Дүйсебеков - Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық  даму басқармасының басшысы 

Қайтарымсыз несиеге ие болған кәсіп бастаушының есепшотында бағдарлама аясында берілген сумманың 10 пайыз мөлшері болуы шарт. Айтып өтейік, басқарма басшысы конкурс комисссиясының мүшелері мемлекеттік қызметке қатысы жоқ, қоғам белсенділері болатындығын айтты.

 

Перизат Ортай                                           

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...