
Шымкентте жалпы саны 7 блокбекет қала қауіпсіздігі мен тұрғындар тыныштығы үшін тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Күш құрылымдары қалаға кіріп-шығатын көліктердің жүк салғышын, салонын тексеріп, жүргізушілер мен жолаушылардың жеке куәлігін қарап жатыр.
Осылайша, қалаға кіріп-шығу толық бақылауға алынды. Блокпосттардағы қатаң тексерістің арқасында тәртіпсіздікке қатысы бар күдікпен азаматтар ұсталып, ұрланған заттар әшкереленді. Бүгінге дейін бұғаттау бекеттерінде 7 мыңнан астам автокөлік тексеріліп, лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 8 азамат ұсталған. Олардан әртүрлі қару-жарақтар тәркіленді. Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша жаппай тәртіпсіздіктердің 52 қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айтып өтейік, өңірде сағат түнгі 11-мен таңғы 7 аралығында комендаттық сағат енгзілген. Құқық қорғаушыларға еріктілер де көмектесіп жүр.
Перизат Ортай